2021 жылғы 10 қаңтарда VII шақырылған мәслихат депутаттарын бес жыл мерзіміне сайлауы өтті. VII сайланған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда өтті, онда мәслихат хатшысы болып Жәкенов Еділ Олжабайұлы сайланды.
Халық шаруашылығы, экология, салық, бюджет және қаржы салаларындағы экономикалық реформа мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Сәбит Өмірзақұлы Мұқанов сайланды.
Денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет және спорт, жастар ісі, депутаттық өкілеттік, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Мамадияр Шайзадаұлы Байғұлов сайланды.
Мәслихатының
Аппараты