26/01/2022  Сәрсенбі
Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы
мәслихатының аппараты

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Смирново с.
2017ж.15.11.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының хатшысының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 36-ө өкімін орындау мақсатында жұмыс тобымен 2017 жылдың 13 қарашасынан бастап 15 қарашасына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппаратының  (әрі қарай – аппарат) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау (әрі қарай – ішкі талдау) жүргізілді.

Талданатын кезең: 2016 жылдың 22 қарашасынан бастап 2017 жылдың 9 қарашасына дейін.

Аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері  жөніндегі Министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 10 тармағына, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Әдістемелік ұсыныстарға сәйкес келесі өлшемдер бойынша жүргізілді:

  1. персоналды басқару бойынша;
  2. мүдделердің қақтығысын реттеу бойынша;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша;
  4. рұқсат функциялары бойынша;
  5. бақылау функцияларын іске асыру бойынша;
  6. ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен шығатын басқа да сұрақтар бойынша.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауының жұмыс тобымен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппаратының  (әрі қарай – аппарат) мемлекеттік мекемесі өз қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілер зерттеп білінді.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін зерттеуде ішкі талдау жоғары көрсетілген өлшемдер бойынша келесіні көрсетті:

Аппараттың штаттық саны 5 штаттық бірлігін құрайды, нақты саны -5 әкімшілік мемлекеттік қызметші, бос орын – жоқ.

Бос орынға жалпы және ішкі конкурстар өткізілген жоқ.

Аппараттың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша Комитетінің «Ақпараттық сервис» базасы бойынша тексерілді.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне баға беру 2017 жылдың 1 және 2 және 3 тоқсандарында жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарын орындауда аппараттың барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілерімен қаржылық бақылау шараларын қызметшілермен және жұбайларымен іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері қабылданап, мемлекеттік кірістер органына мағлұмдамалар тапсырылды.

Жоқ фактілер: мүдделердің қақтығысы, басшының жұмысқа қабылданған жұмысшының үлестігі, мемлекеттік сатып алу, мүлікті активтерді және т.б. сатып алу немесе сату кезінде лауазымды түлғалардың үлестігі, жақын туыстарының, жұбайларының, жекжаттарының бірлескен (қызметі) жұмысы,  қолданыстағы заңмен анықталған лауазымды тұлғаларға белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңына сәйкес аппарат мемлекеттік қызметтер көрсетпейді, бақылау-қадағалау, рұқсат функцияларын жүзеге асырмайды.

2016ж.22.11 бастап 2017ж.09.11 кезеңі үшін мәслихат аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 17 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғаларда, 16 өтініш және заңды тұлғалардан 1 өтініш. 15 өтініш мәслихат хатшысының жеке қабылдауында түсті.
Негізінен өтініштер кәсіпкерлікке, тұрғын-үй коммуналдық  шаруашылығына, халықты құжаттандыруға, тіркеуге және экономиканың және бюджеттік жоспарлаудың жалпы сұрақтарына қатысты.  Барлық өтініштер бойынша негізді жауаптар беріледі. Аққайың ауданы мәслихатының аппаратында қарастырылмаған және мерзімдері өтіп кеткен өтініштер жоқ.  Өтініш берушілерден шағымдар жоқ.

Аппаратта мемлекеттік қызметшілерге артылатын талаптар қатаң сақталады, мемлекеттік қызметшінің статусына байланысты шектеулер сақталады, Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңының талаптары сақталады. Талдауды өткізу кезінде Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңының талаптарын сақтауына бпайланысты тәуекелдердің пайда болу жағдайлары айқындалған жоқ. Аппараттың қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер жоқ. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне байланысты келеңсіз материалдарын анықтау үшін бұқаралық ақпараттар құралдарымен мониторинг жүргізілді. Зерттелетін кезең үшін келеңсіз материалдар анықталған жоқ.

         2017ж.28.03. бастап 2017ж.12.04. кезең аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің принциптеріне сәйкес  жергілікті бюджетті орындау және жоспарлаудың әсерлігі мәселелері бойынша тексеріс жүргізілді.

         «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 37б. 11-2 т. бұзған 2015 жылда мемлекеттік сатып алулар туралы шарттарына сәйкес мекемемен жалпы сомасына 441,5 мың теңгеге 15 күнтізбелік күннен кем мерзімде тауарды жеткізумен сатып алулар жүргізілді.

Прокурорлық қадағалаудың актілері болған жоқ.

Қолданыстағы заңға қайшы келетін және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына шек қоятын нормативтік құқықтық актілер қабылданған жоқ.

Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарының нормаларын, Аппараттың функционалдық қызметіне қатысты заңдарын түсіндіру бойынша жалпы жаппай оқулар жүргізіледі.

Тоқсан сайын бұқаралық ақпараттар құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде сенім телефоны жария етіледі.

Ішкі талдауды өткізу барысында жұмыс тобымен аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Жұмыс тобымен келісілді:

Б.Б. Баяшев __________________________
Р.Б. Нұрахметов ______________________
Г.Д. Голубь __________________________

Таныстырылды:

 

Аудандық мәслихаттың хатшысы  _________________       С. Мұқанов